×

Түркияда автобус аударылып, 12 адам қаза тапты

Сондай-ақ ауруханаларға жеткізілген 19 адамның бірінің жағдайы ауыр

 Еркеғали Болатұлы 21.08.2023 | 16:58
фото: cnnturk.com

Түркияның Йозгат провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 12 адам қаза тапты. Сондай-ақ 19 адам жарақат алған.

NTV арнасының хабарлауынша, Сивас – Ыстамбұл бағыты бойынша жүріп келе жатқан автобус жүргізуші Мюкремин қиылысына жақын жерде рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус қарсы жолақты кесіп өтіп, 30 метрлік дуалға соғылып, артынша аударылып кеткен.

11 адам оқиға орнында көз жұмған, ауруханаға жеткізілген тағы бір адамды құтқару мүмкін болмады. Йозгат пен Соргун облыстарындағы ауруханаларға жеткізілген 19 адамның бірінің де жағдайы ауыр екені белгілі болды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама