×

Алматыда дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынатын болды

Биыл қалаға 1 430 экологиялық көлік жеткізіледі

 Еркеғали Болатұлы 21.08.2023 | 15:12
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 2024 жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев оның орнына мегаполисте қоғамдық көліктің экологиялық түрлеріне толық көшу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Биыл 1 430 экологиялық көлік жеткізіледі. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 600 автобус пен 100 троллейбус бар. Жеке тасымалдаушылар 730 автобус, оның ішінде 30 электробус сатып алады. Келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады, - деді Ерболат Досаев.

Бұл шаралар экологиялық таза қоғамдық көліктердің үлесін осы жылы 60%-ға, ал 2025 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама