×

Түркістан облысында қарасораның ірі плантациясы анықталды (ВИДЕО)

Бір тоннаға жуық есірткі тәркіленді

 Дәурен Ерболат 21.08.2023 | 12:25
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында арнайы операция барысында қарасораның ірі плантациясы табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, «Бүркіт» арнайы жасағы Түркістан облысының аумағында әуеден барлау жүргізді. Оған Ұлттық ұланның авияциясы жұмылдырылды.

Арнайы бірлескен операция кезінде Сауран ауданы Қызылшаруа ауылына қарасты Сырдария өзенінің жағалауындағы тоғай арасында күтіп, бапталған 4500 түп қарасора алқабы табылды. Сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы бір тоннаға жуық (974 келі) болды.

Сондай-ақ тікұшақпен барлау жасау барысында Түркістан және Қызылорда облыстары шектесетін аймақта салмағы 17,5 келі болатын 90 түп қарасора анықталып, жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама