×

«Таңданатын ештеңе жоқ»: Алматыда жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегімен жүр

Ол донорды жеті жыл бойы күткен

 Дәурен Ерболат 21.08.2023 | 10:25
Фото: ДСМ

Биыл шілдеде Алматыда алғаш рет жас жігітке жаңа жүрек салынды. 23 жастағы Дамир қазір өзін қалай сезінетінін дәрігерлерге айтып берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Күрделі ота ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында жасалған болатын. Дамирге дәрігерлер «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» диагнозын қойған.

Жүрек доноры – 53 жастағы алматылық әйел. Биыл ол ишемиялық типтегі үшінші ЖМҚБ-дан қайтыс болған. Медицина қызметкерлері марқұмның туыстарына жүрек, бауыр және бүйрек аурулары бар мұқтаж пациенттерге донорлық көмек көрсету туралы айтқан.

Әйелдің балалары «Анамыздың жүрегі қайта соғып, басқа адамға өмір сыйласын» деген ниетпен ұсынысты қабылдаған. Осылайша, қайтыс болған науқастың жүрегі 23 жастағы жігітке салынды.

Кардиохирург Жанар Нұрбай бүгінде Даниярдың ауруханадан шығарылғанын, бақылауда екенін атап өтті.

Ол үйінде. Біз онымен үнемі байланыстамыз. Трансплантациядан кейін науқасты бақылау 2 фазадан тұрады: ерте индукция және ұзақ мерзімді қолдау. Оң жақ қарыншаның эндомиокардиалдық биопсиясы алынды. Ағзадан бас тартуды болдырмау үшін иммуносупрессивті терапия жүргізіледі, - деді дәрігер.

Жас жігіт жағдайы бір қалыпты екенін, спортпен шұғылданғысы келіп жүргенін айтты.

Өзімді жақсы сезінемін. Күн сайын жағдайым жақсарып келеді. Таңданатын ештеңе жоқ, жаңа жүректі әдеттегідей сезініп жүрмін. Операцияға дейін артық қимыл жасау қиын болды. Арнайы жоспарым жоқ. Бірінші жылы толық қалпыма келгім келеді. Фитнес-залға барып, денемді шынықтырсам деймін. Сондай-ақ мамандығымды айырбастаймын деген ой бар. Алайда нақты не істегім келетінін әлі шешпедім, - деді Данияр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама