×

«Осында шайтанмен бірге тұрамын»: Ақтөбеде 6 күн бұрын жоғалған қыз табылды

Туыстары іздеп жатқанда жалғыз пальтомен қыз қала көшелерінде адасып жүрген

 Халық үні 20.08.2023 | 22:50
ашық дереккөзден

«Мейірім» және Zello Poisk еріктілер қозғалысының мүшесі Екатерина Голотина «Ақтөбе таймс» басылымына жоғалып кеткен қызды табуға көмектескен қала тұрғыны туралы айтып берді.

Туыстары іздеп жатқанда жалғыз пальтомен қыз қала көшелерінде адасып жүрген.

«15 тамызда бізге Светлана есімді әйел хабарласып, күйеуімен үйге кетіп бара жатып үстінде жалғыз пальтосы бар қызды кездестіргенін айтты. Светлананың көршілері белгісіз қыздың үйге кірмек болғанын айтқан. Көпшілік қызды мас деп ойлап, оған назар аудармаған, кейбіреулер оны қуып шыққан», ‒ дейді Екатерина.

Екатерина Голотина өзі сол жерге барып, жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған. Бұл кезде көршілердің бірі қызға киім мен шұлық берген.

«Мен қыздың ауру екенін түсіндім. Қайда тұратынын сұрасам, «Осында шайтанмен бірге тұрмын» деп жауап берді. Қыздың жағдайы нашар болды, аяғы қанға боялған, сүйел шыққан. Дәрігерлер қарап шыққан соң полиция алып кетті.  

Қыз 14 тамызда із-түзсіз жоғалып кеткен. Туыстары ертеңінде іздеу салған. Zello Poisk-ке хабарлама түскен жоқ. Іздестіру жұмыстары басталмай жатып аяқталды», ‒ деді еріктілер қозғалысының мүшесі.

Екатерина Голотина қала тұрғындарын бұндай жағдайда полицияға немесе еріктілерге хабарлауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама