×

Қырғыз президенті Роналдиньо бастаған мегажұлдыздармен футбол ойнамақ

Садыр Жапаровпен бірге доп теуіп, жұртшылыққа ғажап ойын өрнегін көрсетуге олардың өздері ниет білдірген

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2023 | 16:30
фото: ашық дереккөз

Қырғыз президенті Садыр Жапаров 30 тамызда жасыл алаңға шығып, әлемдік мегажұлдыздармен бірге футбол ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қырғызстанның астанасына алда әлемдік жұлдызды ойыншылар ат шалдырады. Бұл жолы олар елдің президентімен бірге доп теуіп, жұртшылыққа ғажап ойын өрнегін көрсетуге ниет білдірген.

Олардың қатарында Роналдиньо, Ривалдо, Карлес Пуйоль, Ривалдо, Эдгар Давидс, Хавьер Савиола, Рональд де Бур, Джовани да Силва, Хуан Антонио Гойкоэчеа, Хидетоши Наката, Андрей Канчельски секілді ойыншылар бар. Ал елдің басшысы аталған аңыздарға қарсы ойнап, өзінің қаншалықты футболшы екенін дәлелдемек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама