×

Күйзеліске түскен петропавлдық полиция басқармасының алдына барып дрифт жасаған (ВИДЕО)

Оған 5 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

 Дәурен Ерболат 20.08.2023 | 09:47
Фото: avtocod.ru

Петропавлда полиция ғимаратының алдында дрифт жасаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ер адамға 5 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қаладағы Жұмабаев көшесінде орналасқан полиция басқармасының алдында Lada Grantа жүргізушісі дрифт жасап жүрген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушыларының жазуынша, 18 тамызда сағат 03:30-да көлік 20 минут бойы басқарма алдында шыр айналған.

Полиция күдіктіні тапты.

Іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлікті Пестрое көлінің маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен тапты. Көп ұзамай, жүргізуші де ұсталды. Ол 42 жастағы петропавлдық болып шықты. Ер адам көлікті өзі басқарғанын растады. Бұлай істеуіне жеке өміріндегі қиыншылықтарға байланысты туындаған эмоциялық күйзеліс себеп болған. Жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596, 590, 591, 593 және 595-баптары бойынша хаттама толтырылды, - деп жазылған хабарламада.

5 баптың төртеуі бойынша әкімшілік айыппұлдар салу көзделген, ал жолдың қарама-қарсы бөлігіне шыққаны үшін 6 айға көлік басқару құқығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама