×

«Тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз?»: Журналист «АрселорМиталл» басшысының қызметінен кетуін талап етті

Бұл компанияның тарихында алғашқы апат 1995 жылы «Ленин» шахтасында болды

 Халық үні 19.08.2023 | 20:52
Коллаж: bbc

Белгілі журналист Ерқанат Көпжасар әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағандыдағы «АрселорМиталл Теміртау» басшысы Лакшми Миталдың қызметінен кетуін талап етті.

«Қазақстандықтар қырылып жатса да бұл үшін өлгеннің өтеуі жоқ. Украина шахталарындағы шығын бізден үш есе көп болса да қазақтың қадірі бұл сұмырай үшін нольмен тең. Қанша адам қаза болды?! Бүгін тағы да үшеу. Обалы кімге сонда?

Митталда ми көп. Бірақ қазаққа сый жоқ. Мұндай тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз? Лакшмиды билік лақша шырылдатпаса халық өзі қолға алады!», - деп жазды ол.

Айтат кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қазақстанда жұмыс істеп бастаған уақыттан бері көмір шахталарында болған апаттан 100-ден астам кенші қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама