×

Жетісу облысында көз жұмған жедел жәрдем қызметкерлерінің кімдер екені белгілі болды

Жол апатынан екі адам қаза тапты.

 Халық үні 18.08.2023 | 21:50
Фото: gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Фельдшер Демеубаев Мұхит Қожахметұлы және жүргізуші Есболатов Ермек Сауытқалиұлы Матай ауылындағы балаға шақыртудан базаға оралып келе жатып, трассада жол апатына ұшырады. Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін және денсаулық сақтаудың барлық саласы үшін үлкен қайғылы жағдай. Мұндай жағдайлар дәрігерлердің жанқиярлығын білдіреді, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларды құтқарады»,-делінген көңіл айту хатында.

Айта кетейік, бүгін Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тасжолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігі соқтысты. Жол апатынан екі адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама