×

«Кезек күттірмей шешу қажет»: президент Алматыдағы су мәселесіне назар аударды

Мегаполисті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

 Динара Амантай 18.08.2023 | 16:25
Фото: t.me/aqorda_resmi

Еліміздегі ең басты сын-қатердің бірі – тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, шаһарда судың үздіксіз берілуіне кедергі келтіретін апатты жағдайлар тым жиілеп кетуі сумен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды кезек күттірмей шешу қажет екенін көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде сел жүріп, өзен суларының лайлануы жиілеп кеткені алаңдаушылық туғызатынын айтты. Соның салдарынан шілде айының соңында коммуналдық қызметтер қаланың жоғарғы бөлігіндегі аудан тұрғындарына су беруді шектеуге мәжбүр болды. Медеу ауданындағы 50 көппәтерлі үй мен 4 мыңнан астам жеке тұрғын үй сусыз қалды. Бұл тұрғындардың орынды наразылығын туғызды.

Президент еліміздің ең үлкен шаһарындағы су шаруашылығын ретке келтіру үшін атқарылуға тиіс негізгі міндеттерді айқындап берді. Атап айтқанда, Үкімет пен қала әкімдігіне мердігерлердің кінәсінен кешіктірілген Қарғалы су жинақтау нысанын биыл қазан айының соңына дейін пайдалануға беру, қаланың су шаруашылығына толық тексеріс жасау және Алматының жоғарғы бөлігін сумен толық қамту үшін жерасты су көздеріне гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ «Балқаш» станциясындағы резервуар мен төрт скважинаның құрылысын аяқтау міндеттері жүктелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама