×

БҚО-да әйелге шабуылдаған 2 күдікті ұсталды

Олар жәбірленушінің 2 мың АҚШ долларын ұрлаған

 Динара Амантай 18.08.2023 | 11:57
Фото: видеодан скриншот

БҚО-да әйелге шабуылдаған 2 күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестерімен бірлесіп, 16 тамызда 1995 жылы туған әйелге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында 2002 және 2003 жылы туған БҚО-ның екі тұрғынын ұстаған. Оның бірі Зашаған кентінде, екіншісі Ақжайық ауданында қолға түсті.

Қарақшылар әйелдің 2 мың АҚШ доллары ақшасын және 3 ұялы телефонын, Air Pods құлаққабын ұрлап кеткен. Ұрланған ақшалай заттар, 1 ұялы телефон және Air Pods құлаққабы тәркіленді, – делінген хабарламада.

Тергеу жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама