Атыс естілді: Шу қаласында бір топ адам полицейлерге шабуыл жасады (видео)

Қымбат Елтайқызы

Желіде төбелестің видеожазбасы тарады

фото: Halyq Uni

2022 жылғы 7 мамырға қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз адамдар тобының тәртіп сақшыларына күш қолданғаны туралы хабарлама түсті, деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті.

«Патрульдік полицейлердің Шу қаласы вокзал маңы алаңының жанында алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін тоқтатқаны анықталды. Мән-жайды анықтау барысында көлік жүргізушісі мен жолаушысы тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен», – дейді ведомство.

Департамент мәліметінше, аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заңға қайшы әрекеттердің барлық қатысушысы анықталды. Олармен жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Билік өкілдеріне күш қолданған белсенділер ҚР ҚПК 128-131-бабы тәртібінде ұсталды.

Шымкентте жемқор полицей қарамағындағы қызметкерлерді «қанаған». «Алматылық тәртіп сақшылары азаптаған» өзбек азаматы Тоқаевқа үндеу жолдады. Өзбек азаматын «азаптаған» алматылық полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды.