×

Шымкентте жемқор полицей қарамағындағы қызметкерлерді «қанаған»

Оның бір емес, бірнеше қылмысқа барғаны анықталды

 Халық үні 03.05.2022 | 17:35
фото: ашық дереккөзден

Антикор және ішкі істер министрлігі полиция қатарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін әрі қарай анықтап жатыр.

Агенттік пен ішкі істер министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында биылғы 27 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкенттегі департаменті қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерінен 174 мың теңге пара алғаны үшін жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкі 4-ротасының командирі, полиция майоры К.Әлімхановты ұстады, – дейді антикор.

Оның полк басшылығына жалпы қамқорлығы үшін өз қызметкерлерінен 2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы сәуірге дейін ай сайын қосымша пара алғаны белгілі болды. Әлімхановтың адамдарды автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартпай, рота инспекторларымен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге 130 мың теңге пара алу фактілері тіркелді. Сондай-ақ оның заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қоластындағылардан екі мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алғаны белгілі болды.

 «Әлімхановқа қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген ақпаратта.

ІІМ мен антикор полиция қатарындағы жемқорлықпен бірігіп күреспек. Павлодарда полиция департаментінің өкілі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Антикор өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полициясы баспасөз хатшысына қатысты тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама