×

«Алматылық полицейлер азаптаған» өзбек азаматы Тоқаевқа үндеу жолдады

Бұл мәселеге қатысты Өзбекстанның бас консулы Қазақстан билігіне үш рет нота жолдағанымен, еш жауап берілмеген

 Халық үні 05.05.2022 | 18:40
скриншот: видео

Өзбекстан азаматы Тимур Исаков өзін азаптағаны үшін Алматы полициясын айыптап, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Бұл туралы ол Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Менің президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдіргім келеді. Әділдікке қалай қол жеткізе аламыз? Кез келген құзырлы органдар нақты тергеу жүргізе ала ма? Жанайқайымды қалай жеткізерімді білмеймін араласуыңызды сұраймын», - деді Тимур Исаков.

Өзбекстан азаматының айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегінде Мұрат Пірімбетов есімді азамат оны донер мен самса сататын орын ашуға көмектесу үшін жұмысқа алып (300 мың теңге жалақы беремін деген), Тимур мен оның әйелінің төлқұжатын алып кеткен.

Тимур Исаков жаңа кәсіпорынға орынды өзі іздеп, барлық жөндеу жұмысын жүргізген. Бұл үшін жұмыс беруші (Пірімбетов – ред.) жалақысынан бөлек 300 мың теңге төлеуге уәде берген. Исаков бір айға жуық уақыт таңғы сағат 9-дан түнгі 01:00-ге дейін жұмыс істегенін, бірақ соңында Пірімбетов ақшасын төлеуден бас тартқанын айтады. Сосын Тимур полиция шақырған. Өзін Бақытжан деп таныстырған учаскелiк аға капитан көмекшiсiмен бірге келген. Бәрі бірге Пірімбетовті іздеп оған тиесілі «Айша» хостеліне барған, бірақ іздеген адамы ол жерде болмаған.

Тәртіп сақшылары өзбек азаматын Әуезов аудандық полиция бөліміне әкелген, ол жерде Мұрат Пірімбетов те болған.

Кеңсеге барамыз деді. Маған қалтамдағы заттардың бәрін шығаруды бұйырды. Манағы Бақытжан деген аға капитан «мойындайсың ба?» деп сұрады. Мен «Нені мойындау керек?» деп жауап бердім. Бірден жұдырық ала жүгірді. Мен көмек сұрап айқайлай бастадым, - деп есіне алады Тимур.

Оның айтуынша, полицейлер оны балағаттап, ештеңе дәлелдей алмайтынын алға тартқан.

«Олар мені екі сағат бойы ұрып-соғып, мазақ етті. Айтуға ұялсам да баяндайын, қабырғаға тіреп, шалбарымды шешіп тастады. Сосын бір қағазға қол қойғызу үшін жедел қызметкер мен учаскелік полиция қызметкері 3-4 рет дубинкамен ұрды. Қарсылық көрсете бастап едім, үшеуі мені тұншықтыруға көшті. Аға лейтенант бүйрегімнен, арқамнан ұрды. Артыма бұрылғанымда, олар мені тұншықтыруды бастады, сол кезде мен есмінен танып қалдым», - дейді шетелдік азамат.

Тимур есін жиғанда қолында кісен болған. Содан кейін полиция қызметкері Бақытжанның Тимурды көшеде құжатсыз ұстағаны туралы хабарлама жазғанын білгенін. Исаков басқа шетелдіктермен бірге шағын автобусқа отырғызылып, сонда судьяның оны елден уақытша шығару туралы шешімін білген.

Тергеу изоляторына жеткізілген Тимур Исаков кезекші подполковникке соққыға жығылғанын және құжаттарының бәрі дұрыс екенін айтқан. Оның өтініші бойынша подполковник базаны тексеріп, шетел азаматының айтқанының растығына көз жеткізіп, оны ауруханаға жіберген.

Травмотолог ауруханада қаралған өзбек азаматының қабырғасы сынғанын анықтады. Тимур Исковтың қолында оны растайтын құжаттар бар екен.

Азапталғанын айтқан Тимур Исаков Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінген. Бұл істі ҰҚК ішкі қауіпсіздік басқармасы қолға алып, кейін істі Антикорға өткізген. Алайда, тергеушілер дәлелдердің жеткіліксіз екенін алға тартып, істі жауып тастаған.

Полиция Өзбекстан азаматының төлқұжатын қайтарып берді, бірақ ол уәде етілген ақшасын ала алмай жүр.

Бұл мәселеге қатысты Өзбекстанның бас консулы Қазақстан билігіне үш рет нота жолдағанымен, еш жауап берілмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама