×

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен кімнің қаза тапқаны белгілі болды

57 жастағы марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл

 Халық үні 18.08.2023 | 08:13
фото: ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Қазақстан» кенішіндегі кеше, 17 тамызда болған апаттан қайтыс болған жұмысшының кім екенін айтты. Ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған өрт салдарынан электрик Виталий Владимирович Слюнков қайтыс болған. 57 жастағы марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл.

Компания берген ақпаратқа сай, апат кезінде 227 қызметкер жер астында болса, оның 222-сі тез арада жер бетіне шығарылған. Тағы төрт кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. 12 құтқару қызметі бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз, - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорысы Виктор Гафиулов

Серіктес жаңалықтары

Сараптама