×

Екібастұздағы апат қайталанбас үшін қомақты қаражат керек – қала әкімі

Тозығы жеткен жылу желілерін жыл сайын айырбастап отыру қажет

 Дәурен Ерболат 17.08.2023 | 14:56
фото: Halyq Uni

Екібастұз жылу электр орталығындағы апат қайталанбас үшін қомақты қаржы керек. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Екібастұз қаласында ұзындығы 422 шақырым жылу желісі бар. Оның 90%-ы тозған.

Былтыр қыстағы апаттан кейін 70 шақырымға жуық жылу желісі ауыстырылды. Онда күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. 422 шақырым жылу желісін 90% деп алайық. Жалпы қаладағы 370 шақырым жылу желісін ауыстыру керек. Биыл 70 шақырым желіні ауыстырдық. Орта мерзімді жоспарға сәйкес, 3-5 жылда жоқ дегенде 50-70 шақырым жылу желісін ауыстырып отырсақ, онда 5 жылда желінің тозу деңгейін азайтуға болады, - деді Аян Бейсекин.

Қала басшысы Екібастұздағы апат қайталанбас үшін қомақты ақша керегін ашық айтты.

«422 шақырым жылу желісінің 36 шақырымы магистарльды құбыр болып саналады. Биыл оның 5,5 шақырымына жаңғыртудан өтті. Оған 9 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді. Енді жылдан жылға жаңа сметалық құжаттар дайындалады. Жыл сайын баға өзгеріп жатыр: құбырдың, темірдің, жөндеу жұмыстарының. Сондықтан жобаның құнын қарастырамыз.

Бірақ жыл сайын шамамен (жылу желісін ауыстыруға) аз дегенде жөндеуге 5-9 млрд теңге керек. Биыл тоқсан аралығындағы жылу желілерін жаңғыртуға, гидравликалық сынақтарға Павлодар облысының бюджетінен 3 млрд теңге бөлінді. Жалпы жыл сайын (осы мақсатқа да) 3-4 млрд теңге керек», - деді ол.

Еске салайық, былтыр қыста Екібастұздағы жылу электр орталығында апат болып, қала халқы жылусыз қалған еді.

Қала басшысы биыл жылу беру мәселесінде қиындық болмайды деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама