×

Елена Рыбакина өзін балағаттаған теннисшіден айласын асырды

Елена Остапенко теннис әлемінде өзінің қызуқандылығымен танымал

 Еркеғали Болатұлы 17.08.2023 | 11:15
фото: tennis.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты. Бүгін ол атышулы қарсыласын жеңді.

Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын Рыбакина екінші айналымда латвиялық Елена Остапенкомен кездескен болатын. Кездесу 3 сет қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Рыбакина бірінші сетте тай-брейк қорытындысы бойыншы 6:7 есебімен ұтылса, қалған екі сетті 6:2, 6:4 есебімен өз еншісіне жазды.

Еске сала кетсек, бұл қос Елена арасында өткен мамырдағы матчта латвиялық спортшы қазақстандық теннисшіні балағаттап, тіл тигізген болатын. Бұл ретте Елена Остапенко теннис әлемінде өзінің қызуқандылығымен танымал.

Енді Цинциннати турнирінің үшінші кезеңінде Рыбакина италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама