×

Атыраудағы мешітте жағаұстатар жағдай болды (ВИДЕО)

Видеодан жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады

 Халық үні 16.08.2023 | 22:15
ашық дереккөзден

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс атындағы мешітте төбелес болды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Atyrau Press. 

Видеодан жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады. Кейін оған таныстары да қосыла кеткен.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, бұл жайтқа қатысты полиция басқармасына қоңырау түскен. Онда белгісіз адамдар қаладағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде діни бірлестік өкілдерімен айқайласа бастағаны жөнінде айтылған. Бұл өз кезегінде мешітке келушілердің арасында алуан пікір туғызды..

Арты дау-дамайға ұласқан. Полиция қызметкерлері бұл іске қажет құжаттарды жинақтап, діни басқармаға жолдаған. Одан әрі мәселе әкімшілік сотта қаралатын болады. 

Басылым мәліметінше, осыдан бір апта бұрын «Бақтыгерей молла» мешітінде де Құптан намазы кезінде имамға ұйыған жамағаттың бірі «әмин» сөзін дауыстап айтып, мешіт қызметкерлерінің ескертуін елемей, дөрекілік танытқан. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама