×

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталады?

Бүгінде іріктеуден сүрінбей өткен 6 адам жоғары лауазымды қызметте

 Дәурен Ерболат 16.08.2023 | 16:05
Фото: ОКҚ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 1 қыркүйекте іріктеу басталады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Президенттік кадр резервінің конкурсына жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан азаматы қатыса алады, - деді Дархан Жазықбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл резервке өту үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтеді.

Олар – құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (Assessment center және құзыреттер бойынша сұхбат), сарапшылық комиссияда әңгімелесу, Ұлттық комиссия отырысы, - деді агенттік төрағасы.

Дархан Жазықбаев іріктеудің объективті өтуі үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылатынын атап өтті. Осылайша, бағалаушылар үміткердің кім екенін білмейді.

Бұған дейін іріктеу 2 рет өткізілген еді. 2019 жылғы іріктеуде резервке 300 адам, 2021 жылы 50 адам қабылданған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында еңбек етіп жүр. Жалпы резервке өткендердің 75%-ы жұмысқа орналасқан.

Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарда, 38 адам жергілікті атқарушы органдарда, 41 адам өзге де ұйымдарда қызмет атқарып жүр. Олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымға, 6 резервші А корпусының лауазымына тағайындалса, бір резервші Мәжіліске жұмысқа қабылданды, 2 резервші мәслихат депутаты болды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама