Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын
Шымкенттегі гүл дүкеніндегі болған жағдайға қатысы бар мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды, деп хабарлады Otyrar.kz.
Ішкі істер министрлігі қаладағы Romantic гүл дүкенінің жұмысшыларына күш көрсеткендердің арасында полицейдің де болғанын растаған еді. Енді олардың арасында Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болғаны анықталды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметтік тергеу жүргізіп, тәртіптік жазаға тартуды зерделеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Бүгінде Данияр Маратұлы Елқондының өзі өтініш жазды. Соның негізінде ол қызметінен босатылды. Заңға сәйкес, оның мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне ешқандай кедергі болмаған, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Шымкенттегі гүл дауына Бас прокуратура да түсінік берген болатын.