×

Құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған

 Динара Амантай 16.08.2023 | 10:14
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 гектар жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады, – делінген хабарламада.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енбеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама