×

«Осыны ертерек берсе...»: Қалдаяқов Халық әртісі атағын көңілсіз қабылдаған (ВИДЕО)

15 тамыз – «Қазақ вальсінің королі» атанған әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

 Халық үні 15.08.2023 | 22:05
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі «Сұрауы бар» YouTube арнасына Шәмші Қалдаяқов туралы естелігін бөлісті. 

«Президент 1991 жылы, Тәуелсіздік алғанда алғашқы жарлығымен 19 желтоқсанда Шәмші Қалдаяқовқа «Халық әртісі» атағын берді. Тәуелсіздіктің бірінші жарлығы. Шәкең ол кезде ауруханада жатқан. Төсбелгі мен кәулікті президенттің көмекшісі Иманғали Тасмағамбетов алып келді. Кеудесіне төсбелгісін тағып, куәлігін бергенде, Шәкең көңілсіз отырды.

Имекең: «Шәке, бүгін қуанышты хабар. Үш күн бұрын Тәуелсіздік алдық, енді міне, сіз бүгін «Халық әртісін» алдыңыз. Неге көңілсізсіз?» - деп сұрады.

Шәмші: «Әй, Иманғали балам, мына Нұрсұлтан ініме рахмет, өнерімді кеш те болса бағалап жатқанына! Бірақ ауруханада жатырмын ғой. Жақсылап тойлап берер едім, дастархан жаюым керек еді. Осы атақты ертерек берсе, өкіметтің темірі мен қағазы таусылып қалмас еді ғой», - деді. 

«Халық әртісі» деген атақ ауруханада тегін емделуге мүмкіндік береді, ал Шәкең тегін емделуге де мүмкіндік ала алмады ғой», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау архивінен Шәмші Қалдаяқовтың айтылмай жүрген әні табылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама