×

Қазақы тазылар Женевадағы әлемдік турнирге қатысады

Асыл тұқымды иттер алғаш рет халықаралық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды

 Дәурен Ерболат 15.08.2023 | 18:05
Фото: Қазақстан кинологтар одағы

Қазақы тазылар Женевада (Швейцария) өтетін World Dog Show-2023 чемпионатына қатысады, деп хабарлады Қазақстан кинологтар одағы.

Биыл 21-23 тамызда Женевада Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) Бас ассамблеясының отырысы өтеді. Оның аясында өтетін World Dog Show-2023 чемпионаты ұйымдастырылады. Оған қазақы тазылар қатысады, - деп жазылған хабарламада.

Швейцария Ұлттық кинологиялық қоғамы Қазақстан кинологтары одағының өтінішін қарастырып, қазақы тазыны World Dog Show-2023 чемпионатының тізіміне енгізді.

Қазақтың асыл тұқымды иттері алғаш рет Еуропалық Одақ елдерінің дүниежүзілік көрмесіне қатысатын болды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Біз Бельгиядағы FCI-мен (Халықаралық кинологиялық федерация) бірқатар келіссөз жүргіздік. Биыл сәуірде Қазақстан кинологтары одағының өтініші бойынша kazakh тazy тұңғыш рет Халықаралық кинологиялық федерациясында ит тұқымының номенклатуралық тізіміне енгізілді. Ұсынысымыз FCI тарапынан қолдау тапқанына өте қуаныштымыз, – деді Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали.

Сондай-ақ FCI-дың Бас ассамблеясында Қазақстанды осы ұйымның толық мүшесі деп тану мәселесі қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама