×

Қазақстанда 28 күнге жететін дизель отыны бар

Ішкі нарықта оны өндіруге қатысты мәселе жоқ

 Дәурен Ерболат 15.08.2023 | 17:40
Фото: oilazs.ru

Елімізде 504 тонна болатын дизель бар, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Қазақтандағы мұнай базаларында жалпы 504 мың тонна дизель отыны бар. Ол орта есеппен 28 күнге жетеді. Оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарында 67,6 дизельдің қоры бар. Бүгінде ішкі нарықта дизель отынын өндіруге және тұтынуға қатысты қандай да бір проблема жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Тамызда 526 мың тонна дизель отыны өндіріліп, 500 мың тонна өнім тұтынылады деп болжанып отыр.

Дизельдің жалпы көлемі – 1009 мың тонна (тамыздың басындағы қалдық – 483 мың тонна әрі 526 мың тонна дизель өндіріледі). Осылайша, ішкі нарық отандық дизельмен толық қамтылады. Тамыздың соңындағы қалдық шамамен 513 мың тонна болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама