×

Нормадан төмен болатынын хабарлағанбыз - министр қазіргі су тапшылығы туралы айтты

Жетісай мен Мақтарал ауданы күрішті жоспардан 10 есе артық егіп тастады, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2023 | 16:16
фото: ашық дереккөз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Жамбыл облысындағы су тапшылығына себеп болған негізгі мәселелерді атады.

Министрдің айтуынша, көрші елдерден судың аз келуі бір бөлек, елімізде ауыл шаруашылығына өте көп су қажет. Соның салдарынан су тапшылығы туындап отыр.

Шынымен де жағдай өте қиын болып тұр. Бүгінде вегетация кезеңі аяқталды. Дегенмен суды көп қажет ететін дәнді-дақылдар бар. Мәселен, қант қызылшасын қазан айына дейін суарып тұру керек. Оған өте көп су қажет. Сондықтан қазір тіршілік нәрінің аздығынан ғана емес, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару қажеттігінен де су тапшылығы туындап отыр, - деді министр журналистерге берген жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазгидрометтің болжамы дәл келе бермейді. Сондықтан бүгінде көрші елдің қызметтері ұсынған болжамдар қолдынылады. Мәселен, Талас бассейні бойынша Қырғызгидрометтің болжамы алынды. Сондықтан Қазгидрометке гидрологиялық бекеттердің желісін кеңейту керек. Ондай бекеттер неғұрлым көп болса, соғұрлым болжамдар дәл шығады.

Мысалы, биыл Сырдария өзені бойынша қар көп түскенде су көп болады деген. Бірақ олай болған жоқ. Біз нормадан төмен немесе соның айналасында болады дедік, солай болып шықты. Сөйтіп, барлық облысқа, соның ішінде Қызылорда мен Түркістанға судың нормадан төмен болатынын хабарлағанбыз. Суды көп қажет ететін дәнді-дақылдарды азайтуға кеңес бердік. Бірақ Жетісай мен Мақтарал ауданында күрішті жоспардан 10 есе артық егіп тастады. Ал күрішке көп су керек, - деп атап көрсетті министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама