×

Ақмола облысында құны 58 млн теңгеден асатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Прокуратура ауданы 6 мың гектарға жуық жер учаскелеріндегі бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді

 Динара Амантай 15.08.2023 | 12:31
Фото: egemen.kz

Жақсы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермерлердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау нәтижелері бойынша аудан әкімдігі мен Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілді.

Прокуратура актілері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды қабылдады және биыл мемлекетке ауданы 8 мың гектар, кадастрлық құны 58 млн теңгеден асатын жайылым қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмады, – делінген хабарламада.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою жұмыстары жалғасып жатыр. Аудан прокуратурасының шаралары бойынша уәкілетті орган 4 жер пайдаланушыға жалпы ауданы 5 мың 861 гектар жер учаскелеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. Жер пайдаланушылар бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, учаскелер мәжбүрлеп алып қойылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама