×

Махачкаладағы жарылыс: Мемлекет басшысы Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

 Динара Амантай 15.08.2023 | 11:58
фото: Ресей ТЖМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дағыстан астанасы Махачкала қаласында жанар-жағар май құю станциясы жарылып, үлкен өрт болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 105 адам зардап шегіп, 30-ға жуық адам қаза тапқан. Оның ішінде балалар да бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама