×

Тапшы мамандарды даярлауға бөлінген грант иелерінің тізімі шықты

38 түлек білім грантына ие болды

 Халық үні 15.08.2023 | 08:50
Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында жоғары білімді мамандарды даярлауға бөлінген грант иелері анықталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгін Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 2023-2024 жаңа оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға (бакалавр) грант тағайындау бойынша комиссия отырысы өтіп, білім беру гранттарының иегерлері анықталды.

Өңірде сұранысқа ие мамандықтарға бөлінген 38 орынға жалпы 63 үміткер құжат тапсырды. Игерілмей қалған грант орындарын (орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, су ресурстары мен балық шаруашылығы) конкурстары жоғары және қажеттілігі бар мамандықтарға қосымша бөлу ұсынылды.

Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын бітірген маман кадр тапшылығы орын алған облыстағы кез-келген жерге барып, келісімшарт негізінде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс істеуі қажет.

Грант иелері жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін құжат тапсыру керек.

38 грант иесінің тізімі мына сілтемеде жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама