×

Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан Айкөркемнің әкесінің сотқа неге қатыстырылмайтыны айтылды

Сот жабық режимде өтіп жатыр

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 18:10
Скрин видео

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар қыздың әкесі Айдос Мелдехан сотқа қатысуға рұқсат алудан бас тартқан, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматы гарнизонының әскери соты кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша әскери қызметші А.И.Жұманға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Оған билікті асыра пайдаланды (Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша) деген айып тағылған.

Сот процесінде жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты сот жабық режимде өтіп жатыр

Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауы байланысты сот процесіне жіберілмейтінін айтты.

Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет оның ішінде биыл 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты. Бұл туралы қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған арызы куәландырады, - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік құпиясы бар барлық қылмыстық іс бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті болып саналады.

Адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға биыл сәуір және маусымда мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалына рұқсат берілді. Жәбірленушілердің құқығын сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ көрінеу жалған мәліметтерді тарату заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Еске салайық, 4 жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан еді.

Қыздың әкесі және үш әпкесі, ағасымен бірге Сейфуллин даңғылының бойымен көлікте келе жатқан. Сәтбаев көшесінің қиылысында көлікке оқ жаудырылып, салдарынан Айкөркем қаза тауып, оның 15 жастағы әпкесі жараланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама