×

Еуропарламент депутаттары Қазақстанға келеді: визалық режимді жеңілдету мәселесі талқыланады

Күн тәртібінде Қазақстанды санкция салдарынан қорғау мәселесі де сөз болады

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 18:02
photo © Patrick Hertzog

Қазақстан тарапы Еуропарламент депутаттарымен визалық режимді жеңілдетуді, санкция салдарынан қорғауды талқылайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СІМ өкілінің айтуынша, биыл 21-23 тамызда Еуропарламенттің сыртқы комитетінің төрағасы Дэвид Макаллистер бастаған депутаттар делегациясы Қазақстанға келеді.

«Сапар аясында Еуропарламент делегациясының Президенттің мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринмен, Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанмен, Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Артур Ластаевпен және бірқатар мемлекеттік органның басшыларымен кездесуі жоспарланған», - деді Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен ЕуроОдақпен, оған мүше елдер арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылуы барысына қатысты пікір алмасады.

Аталған құжат визалық режимді жеңілдетуді, Қазақстанды санкция салдарынан қорғауды, орта дәлізді және көліктік өзара байланысты дамытуды, аса маңызды шикізат материалдарын саласындағы ынтымақтастықты, климаттың өзгеруін және жасыл энергетиканы қоса салғанда өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды, - деп сөзін түйіндеді СІМ ресми өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама