×

Жүргізуші куәлігін алу қиындады – Антикор

Мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс жіберілді

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 11:40
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгертілді, деп хабарлады Антикор.

Агенттік ІІМ-мен бірлесіп, арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді. Оған бірнеше жыл бойы көліктерді заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеудің жүргізілуі себеп болды.

Антикор тексеріс барысында көліктерді заңсыз тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру шарттарын анықтады.

Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процестерді жеткіліксіз цифрландыруы, автокөлікті тіркеу рәсімінің жетілдірілмегені, емтихандарды қабылдау рәсімінің құқықтық олқылықтары, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал етті.

Мониторинг нәтижесі бойынша агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс жолдады.

Бүгінде ұсыныстардың жартысынан көбі орындалды.

  • Мәселен, ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшесінде көліктердің дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жапты.
  • Сондай-ақ Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін бейнетіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.
  • Пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзету үшін мүмкіндіктер алынып тасталды.
  • Сонымен қатар арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды.

Заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеуге көмек ұсынатындар әлі болуы мүмкін.

«Көмекшілердің» заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз. Сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, онда 1424 (Антикор) нөміріне дереу хабарлаңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама