×

Президент Пәкістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл мереке 1947 жылы 14 тамызда Пәкістанның Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялауына орай тойланады

 Динара Амантай 14.08.2023 | 10:26
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.

Айта кетсек, бұл мереке 1947 жылы 14 тамызда Пәкістанның Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялауына орай тойланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама