×

Астанада жаңа ғимараттың 16-қабатынан құрылысшы құлап кетті

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды

 Еркеғали Болатұлы 13.08.2023 | 18:50
фото: Владислав Воднев

Астанада жаңадан салынып жатқан ғимараттың 16-қабатынан ер адам құлап мерт болды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

12 тамызда Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс алаңында ер адамның 16-қабаттан құлап кеткені туралы хабар түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы желдеткіш шахтаға құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама