×

«Жетісу облысында қайғылы жағдай болды»: 2 адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

 Халық үні 13.08.2023 | 07:30
фото: zakon.kz

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлады polisia.kz. 

Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды.

Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерінен ҚР Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама