×

Жетісу облысында бір ауылды су басты

Тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 12.08.2023 | 16:02
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында бір ауылды су басты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны орын алған.

Оқиға орнында 22 құтқарушыдан тұратын Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Олар жүзу құралдарынан бөлек арнайы жабдықтармен және техникамен жабдықталған. Қазір инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, кеше Жетісу облысы ТЖД 12 тамызда түстен кейін облыс аумағында жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын күтілетіні туралы дауылды ескерту таратқан болатын.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама