×

Алматыда Жастар күні қалай атап өтіледі

Студенттер үшін жеңілдіктер болады

 Дәурен Ерболат 11.08.2023 | 17:55
Фото: Tengrinews.kz

Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының жастар саясаты департаменті туризм басқармасымен бірлесіп, бірқатар арнайы акция ұйымдастырады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ертең, 12 тамызда 10:00-ден 00:00-ге дейін «Көк-Төбе» саябағына апаратын аспалы жолға жастарға арналған 20% жеңілдік болады.

14 тамызда сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының аспалы жолы жастар үшін тегін (көтерілу және түсу) болады.

Сондай-ақ 12 тамызда барлық ниет білдіруші Алматының танымал Park Hotel Almaty және Shera Inn Hotel қонақ үйлерінде тұруға 15% жеңілдік қарастырылған.

Әл-Фараби даңғылы, 176а мекенжайы бойынша Hide Park аумағында Jas Fest-2023 қалалық жастар фестивалі өтеді.

Жастардың барлығы қаланың мына мекенжайлары бойынша кино көре алады:

  • 1. Әуезов ауданы: 12 шағын ауданы, 20 А;
  • 2. Наурызбай ауданы: Шұғыла, 347;
  • 3. Медеу ауданы: Омаров, 35;
  • 4. Бостандық ауданы: әл-Фараби, 176;
  • 5. Жетісу ауданы: Айнабұлақ, 2 65 Б;
  • 6. Алатау ауданы: Нұркент 5 шағын ауданы, к16-19;
  • 7. Түрксіб ауданы: Алтай-1 шағын ауданы, 11 Б;
  • 8. Алмалы ауданы: Байтұрсынов, 22к1.

Айта кетейік, Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға сәйкес, 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар жастар деп саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама