×

Цифрлық даму вице-министрі кейде мобильді интернеті істемей қалатынын мойындады

Шенеунік байланыс операторлары қызметіндегілер дөрекі сөйлесетінін айтты

 Дәурен Ерболат 11.08.2023 | 14:03
Асхат Оразбек, вице-министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек үш байланыс операторының қызметін пайдаланатынын, бірақ кейде оның да мобильді интернеті істемей қалатытын мойындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында журналист вице-министрге «Асхат Елубайұлы, сіз қандай байланыс операторының қызметін пайдаланасыз? Мобильді интернеттің сапасына көңіліңіз тола ма? Компанияларға жиі хабарласып, шағымданасыз ба?» деп сұрақ қойды.

Вице-министр жұмыс бабы бойынша 3 мобильді оператордың қызметін пайдаланатынын атап өтті.

«Тарифиіне сай бәріне тиісті қаражатты төлеймін. Өкінішке қарай, мен де басқалар секілді осы проблемамен бетпе-бет келемін. Мен мобильді оператордың CEO-сына (бас атқарушы директорға) хабарласпаймын, call-орталыққа қоңырау шалуға тырысамын. Өз мәселемді айту үшін. Қиындықтар болып тұрады. Дөрекі сөйлеседі. Осыдан кейін ғана (мобильді оператордың – авт.) CEO-ға хабарласамын. Call-орталықтарында дөрекі жауап беретінін немесе қызмет көрсетуге қатысты мәселе барын айтамын», - деді Асхат Оразбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама