Президент соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді
«Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерімен де наградтады
Қасым-Жомарт Тоқаев 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағын беріп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерін тапсыру туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік наградамен марапатталғандар:
- 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені, марқұм Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы;
- 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі, марқұм Несмиянов Александр Александрович;
- 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы, марқұм Сүлейменов Ыбырайым.
Биыл елімізде әскери парад өтпейді. Елордада ардагерлерге миллион теңгеден беріледі. Шығыны 4 млрд теңге: Қорғаныс министрі биыл әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді. «Театрландырылған көріністер қоюдың қажеті жоқ»: БҒМ мектептерде Жеңіс күнін атап өту жайлы. Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері Ресейден 17 есе артық. Тоқаев биыл Жеңіс күнін қалай атап өтеді.