×

Шығыны 4 млрд теңге: Қорғаныс министрі биыл әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді

Министр Қарулы күштер күні мен Жеңіс күнін шатастырмауға шақырды

 Ербол Тұрымбет 20.04.2022 | 16:37

Биыл Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай дәстүрлі әскери парад өтпейтін болды. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, шеру өткізу қып-қызыл шығын. Оған жанар-жағармай қажет, іссапар шығындарынан бөлек, жеке құрамды тамақтандыру қажет.

Бір әскери шеру өткізу үшін шамамен 4 млрд теңгеге жұмсалады. Оның үстіне, Қарулы күштердің оқу-жаттығу жиыны енді ғана аяқталған. Сондықтан қазіргі жағдайда Жоғарғы бас қолбасшы тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары алдыңғы қатарға шығып, Қарулы күштердің әскери даярлығымен айналысу әлдеқайда тиімді деген шешімге келген.

«Сіздер шатастырмаңыздар: 7 мамыр – Қарулы күштер күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Әскери шеру Жеңіс күніне емес, Қарулы күштеріміздің 30 жылдығына арналған еді. Ал Жеңіс күні үшін жоспарланған ардагерлерді құрметтеу, оларға әлеуметтік төлемдер жасау сынды шаралар жоспарға сай жүреді. Ардагерлерді құрметтеу әрбір әскери бөлімге тапсырылған, ал әлеуметтік төлемдермен жергілікті билік айналысады», - дейді министр.

Министрдің айтуынша, әскери шеру патриотизмді сезінудің бір түрі. Кейін елімізде экономикалық жағдай реттелген соң Қарулы күштер күніне арналған дәстүрлі әскери шеру қайта жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30

Ақтаудағы сұмдық жағдай: оқиғаға не себеп болғаны белгілі болды

Алдын ала болжам бойынша, кісі өлтіру дерегі отбасы жанжалынан туындаған
26.03.2023 | 08:50