×

Елордада ардагерлерге миллион теңгеден беріледі

Бұл қаржы Жеңіс күніне орай төленеді

 Қымбат Елтайқызы 20.04.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Қазір Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 18 ардагері тұрады. Олардың барлығы Жеңіс күніне орай миллион теңгеден астам көлемде біржолғы төлем алады. 

 Ардагерлердің ең үлкені - 102 жаста, ең кішісі-96 жаста. Оларға 9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеуге миллион теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем беріледі, – дейді астана әкімдігі.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер, ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқаларға, 111 300 теңгеден төленеді. Барлығы 410 адам, оның ішінде - ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

«Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) - Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге – 63 600 теңге көлемінде төлемдер көзделген. Бас қалада осы тізімге жататын 810 адам бар», – делінген ақпаратта.

Тыл еңбеккерлері (1946 адам), қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, ҰОС қайтыс болған мүгедегінің жұбайы (зайыбы), ЧАЭС қатысушылары қатарындағы оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдар 9 мамырға дейін 34 980 теңгеден алады. Барлығы – 2 686 адам.

Ардагерлер төлемдерді ертеңнен бастап ала бастайды, – делінген мәліметте.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне келесі тегін қызметтер көрсетіледі:

  • коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол пәтер алаңына байланысты ай сайын 5-тен 8 АЕК-ке дейін бөлінеді;
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • мерзімді басылымдарға жазылу, моншалар, шаштараздарға баруға әлеуметтік көмек (жыл басында жеке шоттарға 6,5 АЕК аударылады);
  • санаторлық-курорттық емдеу қызметтері;
  • қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру;
  • тіс протездеу қызметтері.

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады. Биыл елімізде әскери парад өтпейді. Қорғаныс министрлігі әскери парадтың неліктен өтпейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама