×

Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды

2006-2008 жылы туған жасөспірімдер өзара мықтыны анықтады

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2023 | 09:50
Фото: Мақсат Шағырбай

Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара мықтыны анықтады.

Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырған дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буынының қалыптасқаны анық көрінді.

Чемпионатта осымен тоғызыншы рет Түркістан облысының командасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдеге Қарағанды облысының командасы ие болды.

Ел чемпионатының  үшінші орын тұғырына Алматы мен Шымкент қаласының командалары көтерілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок, медаль және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы тағайындаған ақшалай сыйақымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама