×

Президент тапсырмасы: Екібастұзда шығармашылық үйі салынады

Нысанды қаржыландыру көзі анықталды

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 11:05
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Екібастұз қаласында шығармашылық үйінің құрылысы басталады. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Кеше президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады, - деп жазды Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, кеше президент Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған еді. Сол сәтте Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз әкімдігіне «шыдамның да шегі бар» екенін ескерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама