×

Павлодар облысында полиция балаларды құтқарды

Олар қатты қорқып қалған

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 10:55
Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Ақтоғай ауданында полицейлер өзен жағалауында қалып қойған балаларды құтқарды, деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ертіс өзенінің жағалауында қалып қойған 2 бала тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Оларды полиция жағажай аумағын патрульдеу кезінде көрген.

Полицейлер қорқып қалған балаларды қайыққа отырғызып, өзеннің арғы жағалауына жеткізді.

14-15 жастағы жасөспірімдер өзеннің арғы жағына ересектердің бақылауынсыз жүзіп барған. Алайда кері жүзуге күштері жетпеген. Сондай-ақ 2 бала қорқып қалған. Мұндай жағдай қайталанбас үшін олардың ата-анасына профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп жазылған хабарламада.

Ата-аналар уақытында көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына алғыс айтты. 

Полицейлер жүзе білмеу және судағы қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау қайғылы жағдайға әкеп соқтыратынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама