×

Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қайтыс болды

Автокөлік мотоциклге жол бермеген

 Халық үні 10.08.2023 | 07:16
фото: ПД

Көкшетауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 8 тамызда сағат 19.40-та Көкшетау қаласындағы Дмитриев көшесінің қиылысында болған.

24 жастағы Toyota Camry маркалы автокөлік жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, Kawasaki маркалы мотоциклмен соқтығысқан. Автокөлік мотоциклге жол бермеген. Салдарынан 45 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, - дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік Көкшетау қаласының мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама