×

Амангелді Иманов пен Темірбек Жүргенов бейнеленген пошта маркалары айналымға шығарылды

Ел тарихында із қалдырған тұлғаларға құрмет көрсетілді

 Дәурен Ерболат 09.08.2023 | 18:21
Фото: «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

Елімізде Амангелді Иманов пен Темірбек Жүргенов бейнеленген пошта маркалары айналымға шығарылды, деп хабарлады «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

«Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл» маркасының дизайнын жасаған – І. Оңғарбай. Номиналдары – 400 және 500 теңге.

Пошта маркалары Қазақстан Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы кәсіпорнында басып шығарылды.

«Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл» маркасының номиналы – 200 теңге.

Пошта маркаларында маңызды оқиғалар мен ел тарихында есімдері алтын әріппен жазылған көрнекті қоғам қайраткерлері, әйгілі тұлғалар бейнеленіп жатады. «Қазпоштаның» филателиялық коллекциясы енді Темірбек Жүргенов пен Амангелді Имановтың мерейтойларына арналған маркалармен толықты. Осы арқылы біз ел тарихында із қалдырған тұлғаларға құрмет көрсетеміз, - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Сондай-ақ компания «Қазақстанның қызыл кітабы. Жәндіктер. Теңқанаттылар және қатты қанаттылар» тақырыбында «Фауна» сериясынан номиналы 300 және 100 теңгелік пошта маркаларын да шығарды. Екі марканың да дизайнері – І. Оңғарбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама