×

Астанада қымбат көлік өртеніп, 5 адам құтқарылды

Сондай-ақ эвакуацияланған 150 адамның ішінде 30 бала бар

 Дәурен Ерболат 09.08.2023 | 16:10
Скрин видео

Елордада қымбат көлік өртеніп, 4 ересек адам мен бала құтқарылды, деп хабарлады қалалық ТЖД.

Бүгін сағат 13:54-те өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесіндегі паркингте көліктің жанып жатқаны туралы шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер келген соң (6 минуттан кейін) тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover көлігі жанып, қатты түтін пайда болды.

Олар 4 адам мен 1 баланы құтқарып, 150 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 30 бала бар.

Оқыс оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 14:40-та толық сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама