×

Елорда прокуратурасы мемлекетке 1,5 млн доллардың жер телімдерін қайтарды

Компания сот шешімін орындамаған

 Дәурен Ерболат 09.08.2023 | 15:35
Фото: gov.kz

Астанада мемлекетке 1,5 млн доллардың жер телімдері қайтарылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Прокурорлар мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізген.

Тексеру барысында акционерлік қоғамның еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге (1 млн 484 мың 753 доллар) көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама