×

Қазақстанға турист ретінде келген шетелдіктер Ресейге заңсыз өтпек болған

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 09.08.2023 | 12:06
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында шекарадан Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 4 тамызда ведомствоның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 5 шетел азаматын ұстаған. Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп, Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама