×

Жітіқарада өрттен кейін 2 адамның мәйіті табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 09.08.2023 | 11:55
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жітіқарада үй өртеніп, 2 адамның денесі табылды, деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бір аптада өңірде 12 өрт тіркелді: Рудный, Жангелдин, Қарабалық және Қостанай аудандарында 2 деректен, Федоров ауданында, Арқалық, Лисаков және Жітіқара қалаларында бір-бір дерек.

Жітіқарада 100 шаршы метр болатын 4 бөлмелі үйдің шатыры өртеніп, соның салдарынан 2 адам қаза тапты.

Газ және түтіннен қорғау қызметінің маманы өртенген үйдің қонақ бөлмесінен 1971 жылғы ер адамның, сондай-ақ 1979 жылғы әйелдің мәйітін тапты. Олардың денесінде термиялық күйік ізі болмады, - деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асланбек Теміров.

Өрттің қалай шығып, адамдардың неден көз жұмғаны анықталады. Тиісті сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама