×

Алимент төлемеген 20 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Олар заң талабын елемеген

 Дәурен Ерболат 09.08.2023 | 09:25
Фото: pkzsk.info

Шығыс Қазақстан облысында алимент төлемегені үшін 20 әке қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өскемен тұрғыны екі ұлына 6 жыл бойы алимент төлеуден бас тартып, бар жауапкершілікті бұрынғы әйелінің мойнына жүктеген. Берешек көлемі – шамамен 4 млн теңге.

Сондай-ақ облыс орталығында ер адам алимент төлемегені және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді. Ол жұмыс орнын әдейі жасырып, ішімдік ішіп, жазаны өтеу ережесінің талабын елемеген. Енді жауапсыз тұрғын жазасын түрмеде өтейді.

Бұған дейін сот оны бас бостандығын шектеуге үкім шығарған.

Өскемен қаласы пробация қызметі басшысының орынбасары Сымбат Ботаевтың айтуынша, пробация қызметінде есепке алынған соң, инспектор ер адамға жауапкершілік туралы бірнеше рет ескерткен.

Алайда пробация қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, ол сот үкімін орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Ер адамның айтуынша, ол жұмыс істеуге ұялмаған. Бірақ қайда жұмыс істейтінін айтқысы келмеген әрі алимент төлеуге ниеті болмаған. Сот жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім шығарды. Ажырасу ата-аналық міндетті орындамауға себеп болмайды. Балалар ересектердің қателігінен зардап шекпеуі керек. Мұны түсінгісі келмейтіндер қатаң жазаға тартылады, - деді басшы.

Сот жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшін ер адамға жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Енді ол 40 күн бойы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 20-дан аса әке алимент төлемегені үшін қылмыстық жазаға тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама